Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

10:43, 13 наурыз 2024 492

Қорғаныс министрлігі 13 наурызда өтетін шеруге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 13 наурызда Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш өткізеді.

«Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Бұл уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ, Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар