Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыздарды аяймын: Ерке Есмахан Раимды “қалай қаратып” алғанын айтты

23:22, 24 шілде 2024 844

Танымал әнші Ерке Есмахан Раиммен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеп.

Ерке Есмахан желіде "Раймды қалай өзіңізге қаратып алдыңыз?" деген оқырманының сұрағына жауап берді.

"Қыздар, неге самооценкаларыңыз өте төмен? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, красавчик, атақты, лауазымды адам, тағы басқасы болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын ше", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Артынша Райммен қалай танысып, сезім қалай пайда болғанын, қарым-қатынас қалай орнағанын ашып жазды.

"Біз 2018 жылы таныстық, сөйлестік, арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте келе бір-бірімізден алшақтағымыз келгенімен, бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір! Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, әнші сөз соңында қыздарға кеңесін айтты.

"Сондықтан, қыздар! Миларыңды болмайтын нәрсемен толтырмай, жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді деп бақытты өмір сүріңдер", - деп жазды Ерке Есмахан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар