Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, күйеуімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Отбасымыздың ойранын шығарған адам туралы әңгімені дәл осы әдемі жерде айтқым келмейді. Керек емес те. Нақты олай жасады деп айтсам, шек жоқ. Толып жатыр. Он төрт жыл бір адам. Мықты болудан да адам шаршайды. Мықты болғанан керемет болдым деп айтпаймын. Қиналдым. Жүрегім қан жылады. Жиырма төртінші қабаттан құлағым келді. Кеттім дедім. Тұрсынбек тоқтатты. Ұстап қалды. Таңғы уақыт. Өте қиын болды. Себебі екеуі шетелге барып келген екен. Ол кезде мен де Дубайды көрмеген едім. Тұрсынбек «Дубай деген осындай екен» деп видеоларын көрсетіп жатты. Түнде дастарқан жасап, шығарып салдық. Таңға ұшатын болды. Бірінші рет шетелге тапсырыспен бара жатыр. Концертпен, тоймен. Біз мәзбіз. Әскерге бауырын шығарып салған секілді. «Барамыз, жұмысымызды атқарамыз, қайтып келеміз» деп айтқанда жүрегім жібіп кетті. «Дубайға бара жатсың ғой, мен де еріп барайын» деген арамдық жоқ қой мен де. Барып келген соң «Ол да көрсінші, ең құрымағанда телефон арқылы» дегендей видеосын көрсетті. Дубайдың әдемі жерлерін көрсетті. Видеоны былай көрсетіп жатқанда қасында бір адам тұр. Сосын «Қане, тұра тұршы» деп видеоны жылжытып қаламын, Тұрсынбек шошып кетеді. Ол өзі байқамай қалды оның видеода бар екенін. Ана жерде мен қоярға жер таппай, терезеге қарай жүгіремін. Оған дейін де бірге жүргендерін естіген әңгімем бар. Мен қойдым, болды, біз тоқтаттық деп мені ұстап, тоқтатып қойып жүрді ғой. Біздің отбасымыз ажырамайды дегендей. Сондай сәттер де болған. Осы күні ойлап қарасам, ондай уақытта адам ойлана алмай қалады екен. Ауыр ғой. Сенің сенген адамың, азаматың жұмыспен кеттім деп осындай әрекетке барып келгені және осы уақытқа дейін «Болды. Біз де бәрі тоқтатылды. Ана жақ тыныш. Міне, мен сенімен ғанамын, адалмын» деп сендіріп. Он тоғыз миллионбыз ба Қазақстанда? Оның ішінде концертке баратыны қанша екенін білмеймін. Қанша адамды аузына қаратып, сендіріп отырған, күлкі сыйлап отырған адам бір Мөлдірді алдай алмай ма? Әдемі, күлкімен, әзілмен жеткізеді. Мені сендіріп, сегіз, тоғыз жылға дейін созды. Одан ары қарай наглеть етті деген сөз дұрыс шығар, ашық түрде «Ал маған не істейсің?» дегендей үйде болмайды. Келмейді. Арыз жаздым. Жазған соң, бір кездесейік, бір сөйлесейік деген хабарлама болмады. Көрген жоқпын. Достық қатынас қалса екен деген оймен кездескім келеді. Қайтадан қосылайық деген ой мүлде жоқ. Себебі болатын нәрсенің бәрі болды. Мен қолымнан келгенше отбасыны сақтап қалғым келді», - деді Мөлдір Мұқан.