Әлеуметтік желіде 30 жастағы оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев 11 жастағы қыздарға «ғашық болып қалдым» деген хабарлама жазып, олармен құшақтасып суретке түскені туралы ақпарат тараған болатын.
Бұл туралы блогердің әйелі Құлпынай Қанат жариялаған. Іс солай ушығып кетеді. Блогердің жұбайы күйеуінің іс әрекеттерінде педофильдің белгілері бар екенін айтса, Қолғанат Жұмабаев әйелінің сөздерін жала деп отыр.
Руслан Өтепбайдың ютуб арнасына берген сұхбатында Құлпынай күйеуінің кішкентай қыздармен қалай сөйлескенін айтып, Жұмабаевқа ауыр айыптар тағады.
Қолғанат Жұмабаев та Өтепбайға сұхбат беріп, өзіне айтылған айыптардың бәрін жоққа шығаруда. Жұмабаев осы жағдайдан кейін реанимацияға түсіп қалыпты. Оның бәрін күйзелістен деп түсіндіреді.
Журналист блогерден дауға айналған фотолар туралы сұрайды. Ал Қолғанат Жұмабаев қыздарға ешқандай жаман ойы жоқтығын, қарындасындай көретінін, ал фотоға құшақтап түсудің қалыпты жағдай екенін айтып түсіндіруде.
"Бұл қалыпты жағдай. Сырт адамдар үшін ерсі көрінетін шығар. Бірақ бұл қыздар мені көшеде көріп қалса да, осылай құшақтап суретке түседі. Еш жаман ойым жоқ" дейді блогер.
Блогердің айтуынша, бұл жағдай 1-қаңтар болған, желіге 8-қаңтар жүктеліпті. Сол аралықта жігіт те, оның жақындары да Құлпынайдан кешірім сұраған, бірақ ол есігін ашпай қойыпты.