Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Тұрғын үйде газ жарылып, 73 адам эвакуацияланды, қаза тапқандар бар

20:40, 04 маусым 2025 487

Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бүгін Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ жарылып, бір адам қаза тапты. 

«Жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ 3-4 қабат арасындағы аралық құрылым ішінара құлаған», - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өрт толығымен сөндірілді. 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1 адам қаза тапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар