Кеше Мөлдір Мұқанның продюсерлігімен түсірілген “Шәй в большом городе” фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы алғаш рет үлкен киноға қадам басқанын айтып, болашақта қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ажырасу тақырыбында фильм түсіргісі келетінін жеткізді.
“Залға кіруге қатты қорықтым. Тығылып отырдым. Бұл енді алғашқы кино болғандықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Тағы бірге киноға түсеміз. Бұл жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік қой. Өзің білесің ғой. Енді келесі кинода тура тікесінен тартатын боламыз. Қоғамдағы өте өткір тақырыпты алатын боламыз. Сценарий жазыла басталды. Тақырыбын айтайын ба, айтпайын ба? Негізі елімізде соңғы уақытта болып жатқан статистикаға қарағанда ажырасу тақырыбында кино түсіргім келеді. Сол кино арқылы ажырасудың саны азайса, кем дегенде бір 10% отбасына әсер ететін болса, оның өзі - үлкен жетістік”,- деді Мөлдір Мұқан тележүргізуші Ирина Тенге берген сұхбатында.