Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оны күйеуі ұрып өлтірді" - Жетісу облысында тағы бір әйел көз жұмды

11:23, 03 шілде 2025 261

Жетісу облысының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында ер адам өз әйелін өлімші етіп сабаған. Қайғылы оқиға 22 маусымға қараған түні болды, деп жазады Alash.KZ.

Марқұмның сіңлісінің айтуынша, 30 жастағы Айзат Маратқызын күйеуі ұрып-соққаннан кейін алдымен әйелдің ата-анасына апарып тастаған, кейін аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда, жергілікті ауруханада жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, әйелді Талдықорған қаласына бағыттаған. Бірақ тым кеш болып, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Туыстарының айтуынша, денені сараптамасыз, бірде-бір медициналық қорытындысыз моргтан алып кеткен. Әйелдің денесінде көгермеген жер қалмаған, ашық жаралар болған. Артында кішкентай қызы қалды.

Марқұмның әпкесі Раушан Дәрімбекованың айтуынша, қолдарында дәрігер қорытындысы бар.

– Қорытындыға сәйкес, емдеу мекемесіне жеткізілген кезде пульсі соқпаған, қан қысымы болмаған – бәрі нөл. Соған қарамастан «комада жеткізілді» деп жазып қойған. Аурухана ешқандай нақты ақпарат бермей отыр. Ертеңінде енесі келіп, қаралы хабарды жеткізді. Айзаттың «жоғарғы қабаттан құлап кеткенін» айтты. Бірақ біз бұған сенбейміз, – дейді ол.

— Біз денесін ешқандай құжатсыз алып шықтық. Денесінде сау жер жоқ. Тұла бойы көгерген, жараланған. Бұл — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың классикалық мысалы. Оны өз күйеуі өлтірді. Біз әділ тергеу жүргізіліп, кінәлі адамның жазалануын талап етеміз. Артында қан жұтып қалған ата-анасы мен жасы екіге де толмаған сәбиі қалды, — дейді марқұмның сіңлісі.

Аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар