Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Некелесу күнінде қаза тапқан жігіттің өліміне қатысты облыс әкімі пікір білдірді

18:02, 16 қараша 2024 965

Көкшетауда некелесу күнінде 22 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы жағдайға қатысты облыс әкімі пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов  некелесу күні бәз біреулер өлтіріп кеткен 22 жастағы Диас Сәкеновтың өліміне қатысты оқиғаға түсініктеме берді. 

Еске сала кетейік, 12 қараша күні жас жұбайлар некелесукен.  Олар Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде жүргенінде күйеуін әлдекімдер өлтіріп өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, оқиға кезінде барлығы абдырап, әрекет етуге мұршасы келмей қалған. 

“Бейнебақылау камераларынан қарап шынымен, оқиғаның өте тез болғанын ұқтық. Бәрі 1,5 минутта болған. Жігіттер бірге әңгімелесіп, күліп-ойнап отырған. Тіпті сырттарынан қарап, бір-біріне қас деп те ойламайсың”, – деді оқиға болған мекеме басшылығы.  

Әкім өз сөзінде енді адамдар тынығатын жерде қауіпсіздікке баса мән берілетінін атады.

Бірінші кезекте – бұл бейнебақылау және лицензияланған күзеттің болуы. Енді қала бойынша мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, олардың тізімі жасалады екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талапты бұзғандарға әкімшілік немесе өзге де жазалар қолданылатын болады.

"Қылмыстық іс шеңберінде мекеме басшылығы тарапынан қандай олқылықтар болғанына құқықтық баға берілетін болады. Яғни, күзет қайда болды, неге құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланбады және т.б.", - деді Ахметжанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар