Мөлдір Мұқан «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, өзіне қатысты айтылып жатқан сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бағдарламада журналистің «жеке өміріңіздегі әңгімелер фильміңіздің маркетингі ме?» деп сұрады.
Мөлдір Мұқан:
«Маркетинг ешқандай жоспарланған жоқ және болып жатқан жоқ», – деп жауап берді.
Сонымен қатар сөз арасында Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасын сөз етті:
«Бір құпияны айтайын. Біз жұбайлар ретінде, кім туралы айтып тұрғанымды өздеріңіз білесіздер, үйдің ішінде ешқашан үлкен айқай-шу болған емес. Қатты ұрысып та көрмегенбіз. Неге бұндай жағдай болып қалды деп өзім де ойланамын», – деп ағынан жарылды Мөлдір Мұқан.