Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нағашыларың мені жақтырмайтын". Құлдық қамытын киген әке араға 25 жыл салып қызымен кездесті

10:33, 13 маусым 2024 2022
Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалғандар орталығының тұрғыны Базарбай Жолдыбайұлы 25 жылдан кейін қызы Әйгерім Базарбайқызымен кездесті. jambylinfo.kz сайтының редакциясы Базарбай Алахметовке 25 жыл көрмеген қызын тауып берген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы jambylinfo.kz сайтына сілтеп. 

Редакция Тараздағы өмірлік қиын жағдайда қалған жандардың өз балаларын іздейтіні туралы ақпарат берген. Осы мақаладан кейін Әйгерім есімді бойжеткен Базарбай Жолдыбайұлының қызымын деп қоңырау шалған. Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен. Ал әкесін соңғы рет алты жасында көрген.

«Адамдар «әкеңді көрдік» деп айтып келгенде қандай күйде болғанымды білсең ғой?! Соңғы рет 6 жасымда мектепке алып барғаның есімде. Балмұздақ сатып бергенің көз алдымда. Анам «әкең жақсы адам» деп айтып отыратын. Сені сағынумен, күтумен ержеттім ғой» –  деп жылады Әйгерім әкесін көргенде.

Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген қарт әке қызына өзінің қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды.

«Сенің нағашыларың мені жақтырмайтын. Содан ажырасып кеттік. Біраз жыл құлдықта болдым. Жағдайым да, денсаулығым да болмады. Сыртыңнан сұрастырып, қайда екеніңді білмей жүрдім. Сен менің жалғыз перзентімсің», – деді әкесі.

Әсерлі кездесудің куәсі болғандар екі жақын адамның табысқанына елжіреп, ізгі тілектерін білдіріп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар