Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Махрге 10 миллион сұраған: Жігіт тез арада бұл қызды тастап кетпесе, өмірі ойран болады - БЕЛСЕНДІ

17:16, 25 шілде 2024 2265

Инстаграм әлеуметтік желісінде мешітте неке қиған жастар елдің сынына ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Отау құрып жатқан жас отбасы мұсылманша неке қиб рәсімін өткізуде. 

Имам қыздан махрге не сұрайсыз?,- деді. 

«20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын», - дейді ол.

Бұл айтылған жауапқа имам өзінің қатты таңданысын жасыра алмай, қыздан бірнеше қайтара "нақты шешіміңіз бе?" деді.

20 мың доллар теңгемен санағанда 9,4 миллион теңгені құрайды. 

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан өзінің Facebook парақшасында бұндай қыздарды сол жерде тастап кету керек деген пікір білдірді. 

"Имамға тез арада қылмыстық-іс қозғау керек. Жігіт тез арада мына қатыннан құтылмаса, өмірінің тоз-тозы шығады",- деді жазбасында. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар