Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маған жазған. Енді жас қой…”: Мөлдір Мұқан Қабатовтың “тоқалы” жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

09:00, 03 қараша 2025 720

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан экс-күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен арақатынасы жайлы бар шындықты айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Мен Тұрсынбек Қабатовтың тоқалымын. Маған қысым көрсетіп жатыр" деген бейнежазба тарап, көптің талқысына түскен еді. Алайда Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, жағдайды түсіндірді.

"Ақпаратты таратқан қыз ол емес. Сол кездерде маған жазған екен. Мен жауап қайтармадым. "Мен сізді бар болмысыммен жақсы көремін. Әзіл түрінде шығарған видеом еді. Былай тарап кетеді деп ойламап едім" деп жазыпты. Ол қыздың Тұрсынбекке еш қатысы жоқ. Енді жас қой. Қателесіп кеткен болар. Ол шығарған қыздың әрекетіне ренжімеймін. Қазір әлеуметтік желіде қалай танылып кетсем, қалай жұлдыз боп кетсем деп әрекеттенеді ғой. Одан бетер дүниелер жетеді ғой әлеуметтік желіде. Әлеуметтік желіні ұстай алмайсың қазір", – деді Мөлдір Мұқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар