Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күрделі жағдайға әкеп соқты: Роза Рымбаеваға үлкен қатесі үшін қомақты айыпұл салынды

10:19, 02 маусым 2025 767

29-шы шағынаудандағы Ars сауда үйінде орналасқан Abu Baby балалар киім дүкені қайырымдылық шарасын өткізіп, азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Келісілмеген бұл шара қала тұрғындарының жаппай жиналуына себеп болып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына және шара өткен аумақта күрделі жағдайдың туындауына әкеп соқты.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дүкен иесіне – халық әртісі Роза Рымбаеваның тегімен аттас азаматшаға қатысты әкімшілік іс қозғалады.

Кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1-бабына сәйкес, “Хабарламай не келісім алмай, көпшілік іс-шараны өткізу” бабы бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Әкімдік ескертеді: азаматтардың жаппай қатысуымен өтетін кез келген іс-шара – мейлі ол қайырымдылық акциясы, азық-түлік немесе сыйлық тарату болсын – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіліп өткізілуі тиіс.

Бұған дейін хабарланғандай, кішкентай балалар халықтың басқаруға келмейтін қалың нөпірінде адасып кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар