Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Көндім… Жүрегім қан жылады. Мен өлемін дедім”. Тұрсынбек әйелімен ажырасты ма? - Мөлдірдің өзі жауап берді (ВИДЕО)

11:06, 02 қараша 2025 351

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, күйеуімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Он төрт жылға созылудың бірден-бір себебі үзілмеген үміт қой. Отбасымды сақтап қалғым келді. Бес баламның жылағанын қаламадым. Тұрсынбек – өте жақсы әке. Дүйім жұртқа жайып салатын әңгіме көп. Қазір барлығын ашып айта алмаймын. Тек бір ақпаратты ашық айта аламын. Мен Тұрсынбек мырза екеуіміз екі жаққа кеттік. Бір күні Тұрсынбектен «Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деген смс келді. Ол осы сәтті күтті ме екен деп ойлаймын.

«Мөлдір бірінші әрекет етсін, Мөлдір бірінші арыз жазсын. Заңды түрде ажырасуымызға алғашқы қадамды Мөлдір жасасын» дегендей ойда болған секілді. Себебі Тұрсынбекті өз бес саусағымдай білемін. Сөйтіп, бірінші арыз жазуға тура келді. Себебі мен күйеуі бар адаммын ба, әлде күйеуі жоқ адаммын ба, білмей кеттім. Үндемей құтылады, үнсіздік. Үйде «Сөйлесейікші, аузыңнан бір сөз шығаршы, мен сенің досың болайын, әйелің ретінде қарама» деп айтатынмын. Ол екеуіміздің ғана тағдырымыз емес, балаларымыздың да тағдырына кері әсер ететін дүние ғой. «Мүмкін дер кезінде түтініміздің түзу шығуына әрекет етеміз?! Әрі қарай жалғасуына, берекені қайтаруға, отбасын бұзбайықшы, сақтап қалайықшы» деп айтатынмын. Дәл осы әңгімені Тұрсынбектің өзі де айтқан болатын. Бесінші, алтыншы жылға келгенде мен де ренжимін ғой. Үндемей отырдым деп айтпаймын. «Мен өлемін» деймін. Жиырма төртінші қабаттан секіріп кетуге дайын болғанмын.

Маған өте, өте ауыр. Жүрегім қан жылайды. Қиналамын. Сол кезде «Біз қалай ажырасамыз? Біз әр нәрсені конструктор құрағандай құрадық қой. Барлығын бірге жасадық. Менің өсуіме өзің мотиватор болдың. Идея бердің» деді. Жақсылық айта білді. Ол кезде еркелеп айтамын. «Қалай біз ажырасамыз? Осының бәрін екеуіміз тірнектеп, таза маңдай термен жинадық қой» деп мені басында солай ұстап қалатын. Кейінгі жылдары үйден шығып кетуді шығарып алды. Келесі сөйлесейік деп айтқанда қазір шығып кетеді деп қорықтым. Тағы бір айға жоғалады деп. Бұл тақырыпты қозғай алмай қалдым. Көндім. Алла сана берсе екен деп тіледім», – деді Мөлдір Мұқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар