Әнші Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайберген туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Көбісі, мені СНГ қарайды сол үшін орыс тілде сөйлеймін деген сылтаумен алдамшы елжанды болып жүргенде, Димашымыз әлемді қазақ тілде шырқатты! Неге қазақ тілде? Себебі ол «Мені әлем таниды, сол үшін өз тілімде сөйлемеймін» демеді. Димаш, өзге тілді біле тұра, өз тілін құрметтеуді сөзбен емес іспен дәлелдеп, мәртебесін асқақтатты! Димаш - ұлттық мұра!» - деп жазды әнші threads-тегі парақшасында.