Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кездесу өткіземін". "Қыз зорлағаны" хабарланған Жанқош Тұраров тосын мәлімдеме жасады

15:25, 24 тамыз 2024 4005

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деп айыпталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

Мен жайлы сұхбат беріп жатқан адамның айқаны мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымым басқа.  Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған қатысты менің заңды құқық қорғаушым пресс конференция өткізетін болып шешті, - деді боксшы.


Ақпаратта "пресс конференция уақыты 24.08. 2024. Сағат 17.00" деп жазылған. 

Еске салайық, күні кеше Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы "Письма президенту" телеграм арнасында жазылды. Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

 
 

Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Артынша Жанқош Тұраровтың өзі де "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - деді Тұраров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар