Бүгін Үкімет отырысында президенттің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында айқындап берген даму приоритеттері бойынша жұмыс жоспары қаралды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға бюджет қаржысын үнемдеп, нақты нәтиже көрсету міндетін қойды.
Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар бұл міндеттерді табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салуы тиіс. Сөзден іске көшу қажет. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыда қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже көрсету керек. Ал есеп беру мен презентация жасау – мұның бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Егер осылай жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар, мәселені шешеміз, – дейді ол.