Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үйір жылқыны атып, далада сойып алған” - Алматы облысындағы сұмдық оқиға елді шошытты (ВИДЕО)

19:47, 07 қаңтар 2026

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, атап айтқанда Ақши ауылының маңындағы күре жолдың бойында аса қатыгездікпен жасалған қылмыс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Белгісіз тұлғалар жайылымдағы бір үйір жылқыны мылтықпен атып, бірнеше жануарды қырып салған, соның ішінде төртеуін сол жерде сойып әкеткен.

Оқиға орнында қалған басқа жылқылар оқтан жараланып, далада қалған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары мен белсенділер құзырлы органдардан кінәлілерді тауып, оларды заң бойынша ең қатаң жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Аталған жайтқа белгілі журналист өз пікірін білдірді:

Обал-сауапты білмейтін оңбағандар! Алматы облысында ұрылар жылқыны жолдың бойында сойып әкетіп жатыр. Үш күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында екі үйір жылқыны жауыздар бытырамен атып, құлағанын сойып әкетіпті. Бас-сирағын, ішек-қарнын жол бойына жайратып тастап кеткен. Тіпті кейбірінің сүрпі еттерін сылып алып, сүйек-саяғын лақтырып тастаған. Әшейінде шемішке шағып, түкіргендерді тауып алатын камералар осындайда көр соқыр болып қалады. Алматы-Қорғас ақылы жолындағы тізілген камералар түк көрмеген бе сонда? Полиция да тым сылбыр дейді мал иесі. Ұрылар ұсталмайды дегенге ставка қабылдаймын. Қане, кім бәстеседі менімен!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар