Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында Алматы облысында тұратын отбасы жайында сұмдық ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қарасай ауданының тұрғыны хабарласып, көмек сұрады. Айтуынша, көршісі таяу күндері Қаскелеңдегі ауруханада төртінші баласын босанған. Алайда дәрігерлер көпбалалы анадан ақша талап еткен деген уәж айтылады. Осы мәселені анықтау үшін отбасының үйіне барғанда, жағдайдың бұдан да күрделі екені белгілі болды.
• Үйдің тұңғыш қызын өгей әкесі 13 жасында тұрмысқа берген көрінеді. Қыз мектепте 3-ақ сынып қана оқыған.
• Ал екінші қыз қатарластарынан 3 жылға қалып қойып, қазір 4-сыныпта оқып жүр. Негізі 7 сыныпта оқуы керек екен
Бұл қыздың есімі – Фатима. Айтуынша, өгей әкесі оны 13 жасында 30 жасар жігітке тұрмысқа берген. Небәрі үш сыныптық білімі бар. Бұл отбасыда балалар мектепке уақытылы бармаған. Себебі әкелері бір партада ұл мен қыздың отыруын «харам» деп қабылдап, қыздарын мектепке бермеген. Күні кеше Фатиманың анасы төртінші баласын босанды. Ал әкелерінен хабар жоқ. Қыздардың айтуынша оның бір емес бірнеше отбасысы бар көрінеді.