Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйітін көміп, үстіне жиһаз қойған”: Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

19:01, 06 қаңтар 2026

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауданындағы жоғалған отбасының үлкендерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz КТК арнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашеваға сілтеме жасап.

Мәселені зерттемекке Жангелдин ауылына арнайы барған журналист өз парақшасында үй иелерінің қазасы туралы естіртті.

Жазғы үйге екі үлкен кісіні өлтіріп, көміп тастаған.

Үстіне білдірмей жатын жиһазын қойған.

Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында жоғалған отбасының үй иелерінің өлі денесі табылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің түсіндірмесі:

Қызылқоға ауданында Атырау облысының аумағында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 

Аталған дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар