Желіде Атырау облысындағы елді дүрліктірген оқиға бойынша сарайдан мәйіттері табылған зейнеткерлердің отбасылық қуанышта түсірілген соңғы бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.
Атырау облысы Қызылқоға ауданында жоғалған отбасы мүшелерінің екеуі өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта зейнеткерлердің тағы екі баласын іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Құзырлы органдар бұл істі “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеп жатыр.
Жарияланған кадрлардан Мақсот пен Нәсіп есімді зейнеткерлердің балалары Мирамгүл, Наурыз және қыздары Ақбаянмен бірге мерейтой тойлап жатқанын көруге болады. Айта кетейік, бүтін бір әулеттің қазасына қатысты негізгі күдікті ретінде Ақбаянның күйеуі қарастырылып отыр.
Жақындарының сөзінше, күдікті азамат діни жолда болған және намаз оқыған. Ал зейнеткерлердің қызы Ақбаян соңғы уақытта туыстарымен байланысқа сирек шыққан көрінеді.
Қазіргі уақытта Мирамгүл мен Наурыз әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Қылмыстық іс “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр.