Дональд Трамп әйелдер спортындағы трансгендерлер мәселесін тағы да өткір сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
АҚШ Президенті кезекті көпшілік алдындағы сөзінде бұл тақырыпты өзіне тән ерекше мимикамен және әзілмен өрбітті. Трамп трансгендер спортшылардың әйелдермен жарысуын “әділетсіздік” деп атап, Париждегі Олимпиада ойындарында италиялық боксшы қыздың жекпе-жектен бас тартқан сәтін мысалға келтірді. Ол бокс риңгіндегі жағдайды былай деп сипаттады:
“Ал анау италиялық бокс чемпионы есіңізде ме? Бірінші раундта ол қарсыласын ұрды. Бум! Сол жақпен. Қарсыласы: “О, Құдайым” деді. Риңгтің бұрышына барып тұрды. Құлаған жоқ, бірақ олимпиададағы жолын тоқтатты. Сосын: “Мені ешқашан бұлай ұрмаған. Мен бұдан былай шыққым келмейді” деді. Бах! Ол кетіп қалды. Соңында трансгендер алтын медаль жеңіп алды. Ол алтын алды”.
Сонымен қатар, ол ауыр атлетикадағы жағдайға да тоқталып, трансгендер спортшының физикалық артықшылығы туралы айтты:
“Одан: “Сен бұрын көтеріп пе едің?” — деп сұрайды. Ол: “сәл-пәл” деді. Ол келеді де, штанганы еш қиындықсыз, жеп-жеңіл көтереді. Тағы да, тағы да көтере берер еді. Меніңше, онда 112 фунт болды. Бұл дегеніңіз - ессіздік”.
Трамп бұл оқиғаларды спортшылардың қимылдарын қайталап көрсету арқылы жеткізді. Желі қолданушылары бұл сөзді оның Мадуроға қатысты операциядан кейінгі көтеріңкі көңіл-күйімен байланыстыруда.