Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өзін Өзбекстаннанмын деп таныстырған” - Атыраулық тілшіге сес көрсеткен адам туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

19:17, 07 қаңтар 2026

Атырау облысындағы отбасының жоғалуына қатысты деректерді зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашоваға белгісіз тұлға хабарласып, сес көрсеткен, деп жазады Alash.kz. 

Түн ішінде телефон шалған адам өзін Өзбекстаннанмын деп таныстырып, тілшіден Жангелдин ауылындағы жағдай туралы ақпарат таратпауды қатаң талап еткен.

Болған жайтқа байланысты журналист құқық қорғау органдарына көмек сұрап жүгінді. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, қоқан-лоқы көрсеткен азаматтың кім екенін қысқа уақыт ішінде анықтады.

“Алақандай ауылдағы сұмдықты көріп, елдің есі шығып отырғанда осындайлар ерігеді. Хейт жазып, жекеге өтетіндердің барлығы жауапкершілікке тартылады. Ерігіп отырғандар осыны ескерсін! Мен үшін алаң болған баршаға рахмет!” - деп жазды журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар