Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құлағын кесіп тастаған» - Атырау облысындағы ер адамның сұмдық әрекеті елді шошытты

20:49, 06 қаңтар 2026

Атырау облысында ер адам ұлының қарсыласының құлағын кесіп тастаған, деп хабарлайды Alash.kz.

Қызылқоға ауданында екі ауыл тұрғынының арасындағы жанжал дене жарақатын салумен аяқталды. Ұлына араша түспек болған 49 жастағы азамат қарсы тараптың құлағын пышақпен кескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Оқиға 2 қаңтар күні Миялы ауылында орын алған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 24 және 25 жастағы екі жергілікті тұрғын өзара жанжалдасып қалған. Жанжал барысында жігіттердің бірінің әкесі іске араласып, пышақ қолданған.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық Полиция департаменті күдіктінің берген түсініктемесін былай деп мәлімдеді:

«Тергеу барысында 49 жастағы күдікті өзінің 25 жастағы ұлы мен 24 жастағы жәбірленуші арасындағы жанжалға араласу кезінде, абайсызда соңғысының сол жақ құлағына ас үй пышағымен дене жарақатын салғанын хабарлады».

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар