Шымкенттегі 6506 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
"Мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.