Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“23 жыл, 1 ай, 3 күн бірге өмір сүрген қосағым…”: Бағдат Әшімова жарына сағынышқа толы жазба арнады (ФОТО)

16:02, 07 қаңтар 2026

Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жарына деген сағынышпен жазба қалдырды, деп мәлімдейді Alash.kz.

Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23жыл, бір ай, үш күн бірге өмір сүрген құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, АЛЛАның қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да,ел болып ,жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. Қайғы бөліссе азаяды деп ,көңіл білдіріп,жұбату айтқан баршаңызға бас иемін. Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер,ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып,егіліп шығарып салдыңыздар… Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын,сол жандардың алақан жайып АЛЛАдан сұраған бата тілектерін АЛЛА қабыл етеді, пейіштен орын береді дейді .ӘУМИН ӘУМИН ӘУМИН. Әр шаңырақта бақ береке болсын. Балаларыңыз аман,бауырларыңыз бүтін болсын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар