Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Венесуэла аумағында жүргізген операциясын қатаң сынға алып, Анкараның бұл мәселеде Вашингтонмен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Венесуэладағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттеріне жол берілмейтінін баса айтқан Ердоған, Түркияның Николас Мадуро мен Венесуэла халқына қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін нақтылады. Оның пайымдауынша, шет мемлекеттің президентін ұстау - халықаралық құқық нормалары мен ел егемендігін өрескел бұзу.
Анкара өз ұстанымын АҚШ билігіне тікелей жеткізген:
Мен Трамппен телефон арқылы сөйлестім. Оған біздің елдің алаңдап отырғанын жеткіздім. Венесуэлладағы тұрақсыздық жойылуы тиіс. Түрік халқы достық ниетте Венесуэлланың бейбітшілігі мен даму жолындағы күресін қолдайды.
Түркия басшысы мұндай радикалды қадамдардың соңы әлемдік деңгейдегі ауыр зардаптар мен жаһандық дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.