Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызы бейнебақылау камерасына түсіп қалған” - Атыраудағы жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты

10:53, 07 қаңтар 2026

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптының мәйіті табылғаннан кейін, тергеушілер олардың балаларына қатысты күдікті жайттарды анықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл істегі ең басты күдікті жайттардың бірі отбасы ұлының іс-әрекеті болды. Ол жақындарымен тек WhatsApp желісіндегі мәтіндік хабарламалар арқылы тілдесіп, үйіндегі малды тез арада сатып жіберуге тырысқан. Бастапқыда отбасының ұлы WhatsApp арқылы тек мәтіндік хабарламалармен байланысып, малды жедел сатуға тырысқан. 

Сонымен қатар, қараша айында жоғалғандардың бірі  отбасының екінші қызы көрші аудандағы жанармай құю бекетіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды. Бұл деректер отбасы мүшелері жоғалғаннан кейін де белгілі бір қозғалыстар болғанын аңғартады.

Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні екі ай бұрын жоғалған қариялардың денесі өз үйінің ауласындағы қорадан табылған болатын. Қазіргі уақытта Атырау облыстық полиция департаменті мен ТЖД іздестіру шараларын кең көлемде, соның ішінде су астында да жалғастырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар