Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“2,3 млрд теңге”: Шенеуніктердің әйелдерінің табысы белгілі болды (ФОТО)

18:46, 06 қаңтар 2026

Ақорда сайтында мемлекеттік қызметкерлердің 2024 жылғы табысы туралы декларациялары жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктердің жеке табысынан гөрі, олардың жұбайларының кірісі еселеп көп екені байқалады, деп хабарлайды Alash.kz.

Декларациядағы ең қомақты көрсеткіш Алматының экс-әкімі, қазіргі Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың отбасына тиесілі. Ерболат Досаевтың өз табысы 14 млн теңге болса, жұбайы Гүлнар Досаева 2,3 млрд теңге кіріс тапқан.

Президент Әкімшілігіндегі бірқатар шенеуніктер өз табысын «нөл» деп көрсетіп, негізгі кірісті жұбайларының атына жариялаған. Мәселен, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің өз табысы 0 теңге болса, жұбайы 24,9 млн теңге кіріс көрсеткен. Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің жұбайы Мадина Бектұрғанова 48 млн теңге, мемлекеттік инспектор Батыржан Байжұмановтың жұбайы 2,6 млн теңге, ал кеңесші Алексей Цойдың жұбайы Жанна Цой 1 млн теңге табыс жариялады.

Министрлер корпусының арасында өз табысын ашық көрсеткен жалғыз шенеунік – Серік Жұманғарин. Оның жұбайы Сәния Садықованың 2024 жылғы табысы 88,7 млн теңгені құраған. Бұл кірістің көзі бағалы қағаздардан түскен дивидендтер мен сыйақылар екені нақтыланған. Сондай-ақ Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың жұбайы Гүлнұр Дарбаеваның жылдық табысы 69,6 млн теңге болғаны белгілі болды.

Шенділердің жалақы соммасы мемлекеттік декларацияға кірмейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар