Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мейрамгүл ілесіп кеткен” - Атырауда жоғалған отбасының туысы сол күнгі оқиғаны айтып берді (ВИДЕО)

21:07, 07 қаңтар 2026

КТК арнасының тілшісі Жанат Молдашова Instagram желісіндегі жеке парақшасында Атырау облысында өз үйінен мәйіті табылған Мақсот Мұқанғалиевтің туысы Шалқар Мұқанғалиевтен алған сұхбатын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бейнежазбада Шалқар Мұқанғалиев Мейрамгүлдің ауылдан аттанған сәтіне тоқталған. Туысының сөзіне қарағанда, бойжеткен мен күйеу бала ауылға 2 қарашада такси жалдап келіп, онда 5 қарашаға дейін аялдаған.

"Оларды алып кеткен такси жүргізушісі соны айтып отыр. Бірақ олардың қасында Мақсот ағам мен Нәсіп жеңгем болмаған. Тек Мейрамгүл ілесіп кеткен. Ауыл халқы таңда малды шығарып жібереді де, үйлеріне кіріп, күні бойы телефонмен алданады ғой. Ешкім ешкімді іздемейді. Екісі мен бесінің аралығында қорадағы қойды кім шығарып, кім қамағанын да біле алмай отырмыз ғой. Мақсот ағам өзі шығарды ма, Нәсіп жеңгем қамады ма, ештеңе білмейміз. Ешкім көрмеген. Тек бесі күні ғана ауылдан таксимен шыққаннан кейін көршіге "Малды қамай салшы" деп жазған. 5 қарашада түскі сағат 14:00 кезінде таксимен шығып, кешкі бес жарым – алтыларда Атырауда, Геологта болған", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар