Атырау облысында екі полиция қызметкері пара алды деген күдікпен тікелей қызметтік жиын үстінде ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz Атырау облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Мақат ауданының тұрғыны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған. Ол әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында тәртіп сақшыларына 300 мың теңге көлемінде пара берген. Алайда кейінірек азамат берген ақшасын қайтаруды талап етіп, полицияның үстінен арыз жазған.
Аталған арыз 2025 жылдың 24 желтоқсанында ресми түрде тіркелді. Дәл сол күні күдіктілер жалпы жиналыс өткізу барысында әріптестерінің көзінше ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғадан кейін жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде, екі қызметкер де “теріс себептермен” ішкі істер органдарынан шығарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.