Атырау облысында жоғалған отбасының тағдырына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиғаға байланысты танымал экстрасенс Камран Самедов өз болжамын білдірді, алайда оның айтқандары жақындары мен жұртшылықты алаңдатып отыр.
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасы мүшелеріне қатысты экстрасенс Камран Самедовтің болжамымен бөлісті. Журналистің айтуынша, көріпкелдің айтқан ақпараты тым ауыр болғандықтан, оны толық жариялау мүмкін емес.
Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында экстрасенстің көрген-білгені көңіл көншітпейтінін жеткізді. Ол өз жазбасында былай деді:
“Экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты жағымды ештеңе айтпады. Ақпараттың өзі тым үрейлі, оны ашық айтуға дәтім бармайды”.
Кейіннен көріпкелдің өзі хат алмасуларының скриншотын жариялады. Онда отбасы мүшелерінің бұл өмірде жоқ екенін айтқан. 
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ресми іздестіру және тергеу амалдары тоқтаусыз жүріп жатыр. Құзырлы органдар тергеудің егжей-тегжейі тек ресми дереккөздер арқылы таратылатынын тағы да ескертті.