Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жас болдым, сағындым, қатты жыладым: Мөлдір Әуелбекова өміріндегі ең үлкен өзгерісті айтты

09:10, 20 қараша 2024 588

Әнші Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен қалай татуласқанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол бұл туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жариялады.

"Ол кісі менің ұстазым ғой. Мен кішірейемін ғой, кешірім сұрадым. Негізі өміріме қарасам, көп жағдайда мен өзім бірінші кішірейеді екенмін. Қалай ренжіп өмір сүруге болады? Мен әттеген-ай деп өмір сүргім келмейді. Бетім ашық болып, адамдармен көрісіп, ешкіммен ешқандай көпесіз, ызасыз жүргім келеді. Баян ханыммен көріскен кезде жыладым. Себебі мен ол кісіні сағындым. Ол кісінің де өмірінде бірталай өзгеріс, жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Ол кісі аман-есен аяққа тұрғаннан кейін мен бардым. Мүмкін сол жағдай маған ой салған шығар. Себебі жас болдым. Сол жағдайдан кейін өзім кішірейіп алдына барғым келді. Сағынышымды басып, құшақтағым келді. Көрісіп, бір жеңілдеп қалдым. Ол кісіде де сондай әсер болды. Бірақ маған "Неге бұған дейін келмедің?" деп ұрысты", - деді әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар