7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында қайғылы жол-көлік апаты болды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, салдарынан 8 адам қаза тапты. Оның бесеуі - бала. Қайлығы жайдайды Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды.
Жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысқан.
Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, Toyota Ipsum автокөлігінде балалар ата-анасымен бірге болған. Апат салдарынан жүргізуші және оның жеті жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның бесеуі – бала.
Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата-аналар футболдан Маңғыстау облысына жарысқа шыққан, - деді ЖПҚ басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Облыстық білім басқармасының бұл жарыстан хабары болмаған. Турнирді жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.