Әлеуметтік желілерде күлкілі видеоларымен танылып, көпшіліктің сүйіктісіне айналған блогер Нұргелді марқұм анасына арнап ән шығаратынын айтты, деп жазады Alash.kz.
"Жақында әнді жарыққа шығарамыз. Ана туралы әнімді тыңдайсыздар", – деп жазды ол.
Айта кетейік, осы айдың басында Нұргелді Дракон ауыр қайғыға тап болып, анасы Сәуледен айырылды. Ерекше пранктары мен әр бейнесін "Сәуле!" деген сөзбен аяқтайтын блогердің анасы көпшіліктің есінде қалған еді. Өкінішке қарай, Сәуле ханым өмірден өтті.