Алматыда тұрғын үйдегі өртті сөндіру барысында екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Үй ішінде қаза болғандар қарт ерлі-зайыпты екені белгілі болды.
"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.