Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жан айқайын айтып маған хабарласып еді, көмектесе алмадым: Баян Мақсатқызы тың ақпаратпен бөлісті

18:46, 08 қазан 2024 16644
Бүгін сазгер Арман Дүйсеновтың үлкен ұлы қайтыс болған еді. Продюссер Баян Алагөзова тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Сазгердің ұлы Баян Мақсатқызына хабарласып, бір өтініш жасағанын айтты.

«Бүгін бір сағат бұрын әріптестерімнен досым Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өткені туралы қайғылы ақпарат естідім. Осыдан 10-12 күн бұрын Абылай маған қоңырау шалған еді. Ол маған бұлай еш уақытта хабарласып көрген емес. Түсінгенім бойынша, марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланған екен. Оған шоу-бизнестегі бірнеше өнер иелері қатысып, жағымсыз ақпараттар айтқан. Ол кезде бағдарламаның эфирге шығуына екі сағат ғана қалған. «Абылай сен маған кеше хабарласқаныңда үлгеретін едім. Бірақ эфирге шығуына екі сағат қалғанда қолымыздан ешнәрсе келмейді» деп айттым. Бұл баланың жан айқайы еді. Ол әкесінің әруағына тіл тигізгісі келмеді», - дейді продюсер.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар