Қазақстандықтар көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін енді айыппұл төлейді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақстандықтар көп қабатты үйлердің ауласында көлікті ұзақ уақыт, атап айтқанда 5 минуттан артық қыздырғаны үшін енді айыппұл арқалауы мүмкін.
Ережені бұзған жағдайда:
•Алғашқы ретте – 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады.
•Қайталанған жағдайда – 10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл төлеу керек.
Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.
Қауіпсіздік белдігін тақпай қозғалу: тағы бір жиі кездесетін ереже бұзушылық
Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда:
•5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қарастырылған.