Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген алдағы уақытта іссапармен өзге елге аттанатынын жариялады,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Әншінің Instagram парақшасындағы жазбасында жақында ол музыкалық фестивальге қатысу үшін Сербияға баратынын баяндады.
"Алты күннен кейін Сербияда – EXIT Festival-де кездескенше", – деп жазды Димаш Құдайберген.