Бүгін таңертең Ақсай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қорыққан екі бала төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Alash.kz “Мой город” сайтына сілтеме жасап.
Төменде ер адамдар оларды жайылған мата арқылы ұстап алуға тырысқан. Алайда, екінші бала секірген кезде матаның шеті үзіліп кеткен.
Қазіргі уақытта балалар ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы кейінірек ақпарат беретінін айтты.
Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады. Өрт толық сөндірілді, оның себебі анықталуда.