Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біз не сотпыз ба?!: Баян Алагөзова Шерзат оқиғасына қатысты пікір білдірді

09:28, 17 желтоқсан 2024 2216

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова елде болып жатқан резонансты оқиғаларға үнсіздік танытқан блогерлерден жаппай жазылудан бас тарту челленджіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазнетте жаңа челлендж қарқын алып келеді – қолданушылар танымал блогерлерден жаппай жазылудан бас тартуда.

Себеп? Фолловерлердің пікірінше, көптеген инфлюенсерлер елде болып жатқан маңызды оқиғаларға үнсіздік танытуды жөн көреді.

Соңғы күндері жазылудан бас тарту саны бірнеше жүз мыңнан асып, бұл тек бастамасы сияқты көрінеді.

Аталған жағдайға белгілі продюсер Баян Алагөзова эмоциясын жасырмай пікір білдірді.

“Мен бірдеңені өткізіп алдым ба, блогерлерді сынайтын жаңа челлендж басталды ма? Біз енді сот, прокуратура, ар, пікір, тіпті барлық мәселенің шешімі болдық па? Әркім өз ісімен айналысуы керек! Мен продюсермін, және өз жұмысымды жақсы атқарамын”, – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар