Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз“ - Баян Мақсатқызы

10:26, 06 қыркүйек 2024 2056

Танымал продюсер әлеуметтік желіде әйелдер қауымын кемсітетін блогерлердің жазбасын сынап, пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.KZ.

"Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек - әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады", - деп пікір білдірді Баян Мақсатқызы. 

Танымал продюсердің жазбасында блогер Жанәділ Райымбековтің "Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды" тақырыбындағы видеосы туралы айтылады. 

"Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!", - деп жазды Баян Алагөзова. 

Еске салайық, кезінде өзі де отбасылық зорлық-зомбылық көрген продюсер зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашқан болатын. 

"Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Қоғамды нөлдік төзімділікке жетелеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз керек", - деген еді ол орталықтың ашылуында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар