Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бірінші некесінен туған балалардың әкесімен араласуы Мөлдірдің шешімі”. Қабатов қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

11:39, 12 тамыз 2025 694

Көптен бері көрінбей кеткен әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ел алдына шығып, желі қолданушыларының талқысына түсті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әзілкеш 6 шілде Астана күніне орай елордада жеке шығармашылық кешін өткізді. Кеш барысында Тұрсынбек Қабатовтың балалары сахнаға шығып, әкелеріне гүл сыйлап, жылы лебіздерін білдірді. Бұл сәт желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, көпті тәнті етті. 

«Тұрсынбек Қабатовтың концерті өте жоғары деңгейде өтті. Ең әсерлі тұсы бірінші некесінен туған балаларының сахнаға шығып, әкесіне гүл беріп, бетінен сүйіп орындарына жайғасуы болды. Ештеңеге қарамастан балалардың әкесімен араласуы Мөлдірдің шешімі деп ойлаймын. Меніңше бұл өте дұрыс», -  деп жазды желі қолданушысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар