Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бірі үй жинайды, екіншісі тамақ пісіреді” - Экс-депутат Баян Алагөзованың “көп күйеуге шығу” туралы пікіріне қолдау білдірді (ВИДЕО)

20:39, 07 қараша 2025 217

Продюсер Баян Алагөзова көп әйел алушылықты заңдастыру туралы пікірге жауап ретінде «екі күйеуге рұқсат беру мәселесін де қарастыру қажет» деген ұсыныс айтқаннан кейін қоғамда үлкен талқылау туындады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл тақырыпқа қоғам белсендісі әрі бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғар да өз көзқарасын білдірді. Ол Алагөзованың ойын қолдап, қазіргі ер адамдардың көбі әйелдің шешіміне тәуелді екенін айтты.

«Қазір ерлер бұрынғыдай емес. Әйелінің айтқанынан шықпайтын, бәрін сол шешетін еркектер көп. Мұндай отбасыларда ер мінезді әйелдің екі күйеуі болуы – табиғи нәрсе. Бірі үй жинап, екіншісі тамақ істесе, несі айып? Егер ондай өмір шындығы бар болса, заңдастыру керек», — деді Бердонғар.

Ол сондай-ақ қазіргі қоғамда ерлердің беделі әлсіреп, кейбірі өз орнын таба алмай жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық көбіне осындай «жүйкесіз, бағынышты» ер адамдардың ішкі комплекстерінен туады.

«Бұрынғыдай отбасының тірегі бола алмаған еркектер енді әйелінің бір күйеуі болуға мүмкіндік алады. Ол қайда бастаса, сонда барады», — деп ирониямен түйіндеді қоғам белсендісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар