Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында жеке шығармашылық кешін өткізіп, желіде жеке өміріне қатысты тараған қауесетке жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Әлде бірдеңе білуге келіп отырсыздар ма? Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе білгілеріңіз келіп, айтқыларыңыз келіп отырған сияқты", - деп әзілдеді Тұрсынбек Қабатов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов денсаулығына қатысты жағдайды ашық айтқан болатын.
"Жақында басыма операция жасатқам. Тромб болып қалып, басымның крышкасын алып тастады. Осы тұрғанда, алдарыңызға жартыбас боп шығып тұрмын. Арасында бірдеңелерді қайталап кетсем, түсінерсіздер", – деді Тұрсынбек Қабатов.