«Балқадиша» әнін орындап, желіде танымал болған жас спортшы бала Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Желі жұлдызына айналған баланың аты-жөні – Бекболат Иса.
Оның орындауындағы әннің видеосы желіде кең таралып, жас орындаушының таза даусы мен вокалдық шеберлігіне қазақстандықтар ерекше ықылас білдірген.
Жас спортшы Димаштың концертінде өзін танымал еткен «Балқадиша» әнін дүйім жұрттың алдында орындады.
Желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге жылы лебіздерін білдірді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген, Димашымыз інісін сахнаға шығарыпты. Браво!», «Күресті қойып ән айту керек секілді балаға», «Тіл көзден аман болсын! Керемет», «Інілеріне қолдау болатын ағалары көп болсын!», «Керемет, сөзім жоқ. Тек эмоция», - деп жазды желі қолданушылары.