Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Балаларымыздан қорқамыз!”: Ақтөбеде студенттер мектеп ауласындағы оқушыларды пышақтап кеткен (Видео)

15:13, 21 қазан 2024 209

Ақтөбеде колледж студенттері мектепте футбол ойнап жүрген жоғары сынып оқушыларына өздері келіп соқтығысқан. Ал ата-аналар тергеу амалдарына күмән келтіріп отыр. Айтуларынша, күдіктілер толық ұсталмаған, деп хабарлайды Alash.KZ.

2 қазан күні Ақтөбе қаласы № 23 мектептің ауласында жасөспірімдер арасында төбелес болады. Мектеп ауласында футбол ойнап жатқан жоғары сынып оқушыларына сырттан студенттер келіп тиіскен, деп жазды stankz телеграм арнасы.

Ата-аналар болған жайды толық баяндап отыр. Олар күдіктілердің бәрінің жауапгершілікке тартылатынына күмән келтіруде. Ата аналардың біреуінің айтуынша, баласына пышақ салған.

"Балам емделіп жатыр. Мен баламның өмірінен алаңдаймын. Анау қылмыскерлер қайтадан келіп балаларымызға тиіспейтініне ешкім кепіл бола алмайды" дейді. Ал екінші ата ана "Күдіктілер суық қарумен келіп тұр. Бірақ полиция мылтық атылған жоқ деп, істі дұрыс тергемей жатыр. Сонда мылтық атылмаса, баламыз өлмесе, іс осылай аяқсыз қала бере ме?" дейді.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?