Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Баянжан, өзіңе сенеміз. Баспана мәселесін шешіп бер”: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жасады (ВИДЕО)

20:33, 16 қараша 2025 2218

Әнші Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызына Арман Дүйсеновтің отбасына көмектесуін өтініп, желідегі парақшасында үндеу жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Желіде марқұм Арман Дүйсенов бауырымыздың жары Айсұлу ханымның «баспанам жоқ, далада қалдық» деп жағдайы туралы айтқаны желдей есіп тұр. Мұның бәрі біздің жүрегімізге батады. Мен миллионердің әйелі емеспін. Бай болсам, сол пәтерді өзім-ақ алып берер едім. Менде артық ақша деген болмайды. Әндетіп жүріп, концерт беріп тапқан табысымды өз отбасыма, анама, бауырларыма жұмсаймын.

Алматы қаласы әкімдігінен қалай көмектесуге болатынын сұрадым. Бұрын әкімдіктің балансында пәтерлер болатын. Зәкең әкім болып тұрған кезінде Шерхан Мұртаза ағамыз келіп, телерадио корпорацияда істейтін, баспанасы болмай, 20-30 жылдап пәтер жалдап жүрген қызметкерлеріне 60 пәтер алып кеткенін естіген едім. Олжас Сұлейменов ағамыз да ақын-жазушыларға 20 пәтер бөлгізген екен. Өкінішке орай, қазір қалалық әкімдіктің қолында мұндай мүмкіндіктер жоқ екен.

Ендігі менің сенетін бір адамым бар, ол – Баян Мақсатқызы. Өйткені Баянның жұбайы Тұрсын мырза миллионер, тіпті миллиардер деп айтар едім. Марқұм Арман бауырымыз, бір жағынан, Баянның жерлесі, Оралдың азаматы, екінші жағынан, көзінің тірі кезінде Баянның бірқатар жобаларына қатысып, мықты-мықты әндерін жазып, оранжировка жасап, тығыз шығармашылық байланыста, жақсы сыйластықта болған еді. Баянжан, өзіңе сенеміз. Жолдасыңмен ақылдасып, Арманның артында қалған отбасының баспана мәселесін шешіп береді деп сенгім келеді”, – деді Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар