Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айлық сәбилер бар: Ақтөбеде тегін билетке қырылған ел аяқ астында езіліп жатыр (ВИДЕО)

12:01, 25 шілде 2024 1759

Ақтөбе қаласында тегін билет таратқан блогер сын астында қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Блогер Гүлнұр Жұмағалиева Ақтөбе қаласында танымал әншілер өнер көрсететін концертке 100 тегін билет таратқан.

Тегін билетке келген адам саны өте көп. Тіпті кішкентай айлық сәбилерімен келген аналарды да байқауға болады. Олар бір-бірімен таласып, ортада кейбір адамдар құлап, аяқ астында езіліп жатыр. 

Блогер билетті 18 жастан жоғары адамдарға тарататынын алдын ала айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар