Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асын ішіп аяғына түкіру!: Света Айтбаева аузына ие болмаған блогерге қатты ашуланды

08:20, 24 желтоқсан 2024 489

Ресейлік блогер Илья Варламов еліміздің бас қаласы Астана туралы пікір білдірді. Алайда оның бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға ұнамай қалды, - деп хабарлайды Alash.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Варламовтың сөзінше, Астана өмір сүруге арналмаған. 

"Астана нашар қала. Өмір сүруге өте қолайсыз. Астана қала емес. Маған ұнамайды, ешқандай жайлылық жоқ, қыдыруға да келмейді. Басында-ақ тұрғызылғанда дұрыс жоспарланбаған. Жан-жақты айтпай-ақ қояйын, бұған дейін ашып жазған болатынмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын", - деді ол жүргізуші сауалына. 

Бас қала туралы айтылған блогердің бұл сөзі Димаштың анасына ұнамай қалған. 

"Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса - келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", - деп жазды Света Айтбаева.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Варламовты қолдаса, енді бірі Астананың жайлы қала екенін жарыса жазды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар